2022 жылдың 18-20 мамыр аралығында, өткізу орны Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасында 15 – ші мерейтойлық халықаралық «Энергетика, Энергия үнемдеу, Атом энергетикасы, Өзбекстанның баламалы энергия көздері–Power Uzbekistan» көрмесі, сонымен қатар ) «Өзбекстанның Мұнай және газы-OGU 2022» 24–ші Халықаралық көрмесі өтуде.
Power Uzbekistan-ның басты артықшылығы, оның бірегей қатысушылар құрамы мен практикалық құндылығы, жаңа әзірлемелер мен озық технологияларды енгізу, халықаралық байланыстарды нығайту және маңызды құрал ретінде жаңа инвестициялар мен инвестицияларды тарту.
Көрме жұмысына ҚР ИИДМ «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ атынан Басқарма Төрағасы – Бауржан Әміржанұлы Смағұлов және Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті талдау орталығының директоры – Олжас Мақсұтұлы Қабденов қатысты.
Соның ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы ниеттерін білдірді.