Жаңалықтар

«Болашақтың қуаты» форумы

14 қыркүйек 2016 ж.
«Болашақтың қуаты» форумы

Ағымдағы жылы 14 қыркүйекте Астана қаласында «Болашақтың қуаты» форумы өтіп, оған «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ өкілдері қатысты.

«Назарбаев Университет» Президенті Шигео Катсу жиын шымылдығын құттықтау сөзімен ашып, аталған шараның алда тұрған ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы маңыздылығын атап өтті.

«Болашақтың қуаты-2016» форумы әсіресе, дамушы мемлекеттердегі адамның негізгі құқығы мен қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша негізгі мәселе ретінде энергияныңжалпыға бірдей қолжетімділігін анықтайтын «Қуат – баршамыз үшін» тақырыбына арналды. Көптеген адамдар арзан, экологиялық таза энергияға қолжетімділіктің жоқтығы мен қоршаған орта күйінің нашарлауынан зардап шегуде. Баршаға қолжетімді энергияны алу үшін жаңа энергетикалық үлгіге ауысу тек техникалық жүзеге асырылатын ғана емес, әділ бөлінген және тұрақты болуы тиіс.

 Осы мәселелерді талқылау мен шешімін табу үшін Астанаға энергетика саласындағы халықаралық қауымдастық көшбасшылары, жоғары топтың саяси өкілдері, ірі халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосып, тұрақты энергетика саласындағы соңғыы маңызды оқиғалар туралы ақпаратпен бөлісіп, сонымен қатар, ресми және ресми емес пікірталастарға қатысу үшін бірегей алаңды ашып, сол арқылы мемлекет, мекеме және жеке тұлғалар арасында білім-тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік тудырды.

 Форумды «Назарбаев Университет» «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен бірігіп ұйымдастырып отыр.

IMG_4325

IMG_4273

IMG_5647


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow