Жаңалықтар

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ұлттық стандарттарды талқылау және дамыту. «Ақылды қала» тұжырымдамасы шеңберінде, халыққа көрсетілетін сапалы қызметтерді жасау» тақырыбындағы II секциялық отырысы

13 қазан 2016 ж.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ұлттық стандарттарды талқылау және дамыту. «Ақылды қала» тұжырымдамасы шеңберінде, халыққа көрсетілетін сапалы қызметтерді жасау» тақырыбындағы II секциялық отырысы

«Дүниежүзілік стандарттар күні» қарсаңында  ағымдағы жылдың 12 қазанында "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК-да, мемлекетаралық және ұлттық стандарттау Орталығының басшысы Хамитов И.В төрағалығымен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ұлттық стандарттарды талқылау және дамыту. «Ақылды қала» тұжырымдамасы шеңберінде, халыққа көрсетілетін сапалы қызметтерді жасау» тақырыбындағы II секциялық отырысы өтті.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару нормативтік талаптарды әзірлеу және іске асыру мәселесін қозғап, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында стандарттау жөніндегі ТК 81 өкілі кеңес барысында сөз сойледі.

Сондай-ақ төменде аталған мәселелер талқыланды:

- Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қызмет көрсету стандарттарынын болмауы;

- ТКШ мемлекеттік басқаруының экономикалық механизмдері және  экономиканын мемлекеттік емес секторынын ұйымдарымен өзара қарым-қатынас.

Отырыс жұмысына «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу Институты» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұлттық стандарттарды әзірлеу және талдау жөнінде келісімге қол жеткізді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow