Жаңалықтар

Институт"ҚИДИ" АҚ-мен меморандумға қол қойды

14 қазан 2017 ж.
Институт"ҚИДИ" АҚ-мен меморандумға қол қойдыИнститут"ҚИДИ" АҚ-мен меморандумға қол қойды

13 қазанда ҚИДИ-де "ҚИДИ" АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов "ЭЭДИ" АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұловпен кездесті, Кездесу барысында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ кездесуге "ҚИДИ" АҚ және "ЭЭДИ"ақ жауапты қызметкерлері қатысты.

Қол қойылған құжат тараптардың индустриялық-инновациялық даму саласындағы ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

Меморандум аясында келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылады:

өңірлер мен салалар бөлінісінде энергия үнемдеу тиімділігін бағалау;
Индустрия 4.0 технологияларын енгізуді ынталандыру жөніндегі саясат пен шараларды әзірлеу;
өнеркәсіпті энергиямен қамтамасыз етудің балама түрлерін іздеу және т. б.
Кездесу соңында Берік Бекенов меморандум бірлескен ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін және қойылған мақсаттарды тиімді іске асыруға ықпал ететінін атап өтті.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow