Жаңалықтар

Институты алаңында «Зоря» - «Машпроект» (Украина) инвесторларымен кездесу өтті

08 желтоқсан 2021 ж.
Институты алаңында «Зоря» - «Машпроект» (Украина) инвесторларымен кездесу өтті

2021 жылғы 8 желтоқсанда «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ алаңында «Зоря» -«Машпроект» газ турбина құрылысы ғылыми-өндірістік кешені» (Украина) Мемлекеттік кәсіпорнының өкілдерімен кездесу өтті.

«Зоря» - «Машпроект» - украиндық теңіз және жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы газ турбиналарының әзірлеушісі және өндірушісі.

65 жыл ішінде кәсіпорында қуатты қатары 100 кВт-тан 110 МВт-қа дейінгі газ турбиналық қозғалтқыштар әзірленді.

«Зоря» - «Машпроект» газ турбиналық жабдық өндірісінің толық циклына ие бола отырып, өнеркәсіптің әртүрлі сегменттері үшін бірегей кешенді шешімдерді ұсынады:

- Газ өнеркәсібі мен энергетикаға арналған газ турбиналық жабдықтарды жобалау;

- Газ турбиналық электр станциялары, Механикалық жетектер, ГТҚ және редукторлар өндірісі;

- сатудан кейінгі қызмет көрсету, орнату және пайдалануға беру, оқыту және авторлық қадағалау.

Аталған кездесуге»Зоря»-» Машпроект» атынан Маркетинг және өткізу жөніндегі директор – Дерий Юрий Иванович және Бас директордың кеңесшісі – Олександр Дзюбенко, Қазақстан стандарттау және метрология институты атынан Бас директордың орынбасары Бегайдаров Жанат Айдарханұлы, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-дан Жаңа жобалар департаментінің директоры – Ким Владимир Дмитриевич және Институт басшылығы қатысты.

Тараптар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, атап айтқанда ҚР энергия объектілерін жаңғырту саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді. Өзара қызығушылықты бекіту мақсатында Институт пен «Зоря» - «Машпроект» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды ұйымдастыру ұсынылды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow