Жаңалықтар

Астанада энергия тиiмдiлiгін артыру және энергия үнемдеу бойынша семинар өтті

20 қаңтар 2014 ж.

Семинар жұмысына Қазақстан республикасының Қоршаған орта және су ресурстарын қорғау министрі Н.Қапаров, «Казатомпром ҰАК президенті В.Школьник, европалық кеңес өкілділігінің басшысы қызметінің атқарушысы К.Вельчиков қатысты. Семинар бағдарламасы, «Astana Solar» заводының бас директоры В.Советскийдің басшылығымен қатысушыларға арнайы ұйымдастырылған экскурсиясымен басталды. Зауыт 2012 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуымен отандық нарықта өз өнімдерін шығару мақсатында күн энергиясы генерациясының фото электрлік модулін өндіру мақсатында шаылған болатын. Шараға қатысушылар заводтың даму болашағымен қазіргі жағдайы туралы нақты мәліметтер алды.

«Жасыл экономика» қозғалысының болашағы туралы презентациясымен « Жасыл Академия» ҰБО директоры, э.ғ.д., профессор Б.Ескина сөз сөйледі. Қазақстандағы баламалы энергия көздері заңдылығы туралы және шетел инвесторларының тарту шаралары туралы А.Соспанова сөз сөйледі. Семинар барысында Қазақстанда баламалы энергетика бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы сөз қозғалды.  Зауыт мысалында күн энергиясын қолдану мүмкіндіктерінің фото электрлік модульдарын өндірісі талқыланды. Жел энергетикасы облысы бойынша жобаны жүзеге асыру туралы «Samruk Green Energy» ЖШС бас директоры М.Қапенов әңгімеледеі. Семинардың тәжірибе бөлімінде тыңдаушылар энерго менеджменттің әлемдік тәжірибесімен, сонымен қатар,  ISO 9001-14001 и ISO 50001:2001 сәйкес кәсіпорынның энерго менеджментін ұйымдастыру негіздері қарастырылды.ұйымдастырушы ретінде тұрақты даму үшін Қазақстандық табиғатты қорғау ассоцияцмясының орындаушы директорының Г.Артюхина және «Ұлттық аккредитациялау орталығы» ЖШС-нің орынбасары С.Құрманғалиев  сөз сөйледі.

«Қазақстан 2050 стратегиясымен Қазақстандағы «Жасыл» экономикаға көшу туралы Концепцияда альтернативті энергетиканың дамуымен экономикалықэнерго тиімділіктікті жоғарлату туралы нақты міндеттер қойылды. Концепцияға сәйкес 2020 жылы Қазақстандағы баламалы энергия түрлерінің үлесі 3 пайызды, 2030 жылы он пайызды құрауы тиіс.

Қазақстан Республикасының үкіметінің жарлығымен өндірілген БЭК  энергиясын жалғыс сатып алушы болып – «БЭК-ті  қолдауы қаржылық есеп орталығы» болып танылады. Жаңа ұйымның қызметі туралы «БЭК-ті  қолдауы қаржылық есеп орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары Б.Байбатшаев таныстырды. Орталық  альтернативті энергия көздерімен балама энергияларды келісім шарт бойынша сатып ала алады.

2025 жылы БЭК дәстүрлі энергия генерациясы көздері мен бәсекелесе алады және мемлекет тарапынан ешқандай қолдауды қажет етпейді деп көтілуде. БЭК артықшылықтары қолдану аясында ресурстық потенциялдың қол жетімділігінде және оның өндірісінің экологиялық тазалығында. Осы жанұяға байланысты БЭК дамуы ел экономикасын модернизациялаудағы маңызды фактор екндігінде ешқандай күмән жоқ.

ҚР ҚОСРМ пресс-қызметі 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow