Осы шараның негізгі мақсаты халық арасында энергия үнемдеу идеясын насихаттау, энергия қуатын тұтыну мәдениетін жаппай арттыру болып табылады.
Конкурсқа Қазақстанның кәсіби дизайнерлері, суретшілері мен қарапайым электр энергиясын тұтынушылар қатысады.
Қатысушылардың жұмыстары үш номинация бойынша бағаланады:
Қатысушылардың жұмыстары арнайы Ғаламтор алаңында, Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары"АлматыЭнергоСбыт" компаниясында (электр энергиясы үшін тұтынушылар ақша төлейтін орын, ТҚҚО барлығы- Алматыда — 6 және облысында — 9) жарияланады. Жоба БАҚ-да толығымен баяндалады — брифинг жүргізіледі, ақпараттық қолдау ұйымдастырылған. Жоба барысында жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады.