Жаңалықтар

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындылары бойынша өткізілген онлайн бейнеконференция (кеңес) туралы қысқаша талдамалық есеп

12 наурыз 2021 ж.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындылары бойынша өткізілген онлайн бейнеконференция (кеңес) туралы қысқаша талдамалық есеп

2021 жылдың 27 қаңтарынан 2021 жылдың 2 наурызына дейінгі аралықта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында институт облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен бірлесіп, еліміздің 17 өңірінде кеңестер ұйымдастырды және өткізді. Кеңестерде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындылары, оның ішінде мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу, МЭТ субъектілерінің міндетті энергия аудиті рәсімінен өтуі, өткізілген энергия аудиті қорытындылары бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, энергия үнемдеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері қозғалды. Бұдан басқа, күн тәртібінде энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу мәселелері талқыланды, энергия үнемдеу саласындағы ЭСКО-компаниялар, МЖӘ жұмысының тетіктері түсіндірілді.

Барлық кеңестер әкімнің орынбасары және энергия үнемдеу мәселелеріне жетекшілік ететін тиісті аймақ басшыларының төрағалығымен өтті.

Өңірлерде осындай іс-шараларды өткізу Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға оң әсер етеді, атап айтқанда Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты жинауға жәрдемдесу МЭТ субъектілерінің энергия аудиті рәсімінен өтуі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жоспарларды іске асыру.  Ұлттық институттың энергия үнемдеу саясатының түйінді тетіктерін іске асыру саласындағы ЖАО-мен тығыз өзара ынтымақтастығы көрсетілген кеңестерді өткізудің оң нәтижесі болып табылады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow