Жаңалықтар

«Тұрғын үй шаруашылығындағы энергиялық менеджмент, энергиялық аудит және энергия үнемдеу» біліктілікті арттыру курсы

09 қыркүйек 2016 ж.
«Тұрғын үй шаруашылығындағы энергиялық менеджмент, энергиялық аудит және энергия үнемдеу» біліктілікті арттыру курсы

2020 жылға дейін Аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ қызметкерлері ағымдағы жылдың 22 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығындағы кезеңде «Тұрғын үй шаруашылығындағы энергиялық менеджмент, энергиялық аудит және энергия үнемдеу» тақырыбындағы 10 күндік біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтті.  

 Аталған оқытудың мақсаты – тұрғын үй қорын басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ, тұрғын үй саласындағы энергия үнемдеуді насихаттау.

Біліктілікті арттыру курсы энергиялық менеджмент қағидаларын, энергиялық менеджмент бойынша негіздер мен энергиялық менеджмент бойынша халықаралық стандарт талаптары негіздерін, аудит жүргізу мен энергиялық аудит жасаудың тәжірибелік құрастырылымы ережелерін үйренуге бағытталған. 

  Оқу курсының бағдарламасы мыналарды қамтиды: базалық теориялық білім алу; тәжірибелік тәсілдерді шолу мен нысанға бару.

Алған білім мен машық ҚР энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру бойынша ағымдағы жұмыс кезінде айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді.

 Оқу курсы аяқталған кезде сертификаттар табысталды. 

«Тұрғын үй шаруашылығындағы энергиялық менеджмент, энергиялық аудит және энергия үнемдеу» тақырыбы бойынша біліктілікті  арттыру курсын «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ  «GREENORDA PROJECT» ЖШС бірігіп ұйымдастырды.


dsc00982

dsc00975

dsc00972


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow