Жаңалықтар

«FUTURE WAVE» жастар форуму

16 қыркүйек 2016 ж.
«FUTURE WAVE» жастар форуму

«Жасыл көпір – жасыл технология, инновация мен қолжетімді энергияға апарар көпір» атты халықаралық конференция аясында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылында «FUTURE WAVE – инновациялық мүмкіндіктер платформасының алаңы» жастар форумы өтті.

ҚР Энергетика вице-министрі Г. Сәдібеков пен Халықаралық секретариаттың басшысы С. Нөгербеков форум шымылдығын құттықтау сөздерімен ашты.

Жастар форумы біздің мемлекетімізді ғана емес, бүкіл әлемді жасыл экономикаға шақыруға арналған. Қазақстандық және шетелдік студенттер 20-дан астам инновациялық «жасыл» жоба көрмесін ұсынды. 

Форцм жұмысына қатысушылармен қатар, ҚР министрліктері мен даму институттарының өкілдері, халықаралық сарапшылар, ҮЕҰ мен мемлекеттің бизнес-құрылымының жетекшілері, жастар ұйымдары, сондай-ақ,  «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, Арнасай – жасыл алқап – «жасыл» технологияны пайдаланудың ең тиімді тәсілдері сынақтан өткізілген үлгілік ауыл жобасы.

 Конференцияны   ҚР Энергетика министрлігі «жасыл экономика» үшін коалиция және G-Global-дамуымен бірігіп ұйымдастырып отыр. 

IMG_5693


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow