Жаңалықтар

ЮНЕСКО/ТЭДХО бірлескен оқыту бағдарламасы

29 қазан 2012 ж.

2012 жылдың қазан айының 3-26 аралығында Мәскеу қаласында, Ресей Федерациясы, ЮНЕСКО/ТЭДХО бірлескен оқыту бағдарламасының аясында «Энергетика қорларының халықаралық менеджменті» атты оқыту курсы өтті.

Аталған бағдарламада Қазақстан және басқа да жиырма екі мемлекеттің степендиаттары ат салысты. Оқыту Ресей ұлттар достастығы университетінің экологиялық факультетінің негізінде өтті,  аталған оқытуда Беларусь, Болгария, Вьетнам, Гватемала, Египет, Камбоджа, Кения, Қытай, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Латвия, Мадагаскар, Мьянма, Непал, Нигерия, Судан, Өзбекстан, Украина және  Қазақстаннан 26 маман қатысты. Қазақстаннан «Қазақэнергиясараптама» АҚ маманы қатысты.

Студенттер бағдарлама аясында РҰДУ ғылым фестивалін, Ауыл шаруашылықтың электрлендіруі РҒЗИ, Мәскеу ЖЭО ГТҚ, SPE Арктика мұнай және газ көрмесін және халықаралық конференциясына қатысуға мүмкін алды. Тәжірибелік бөлімнің маңызды құрамдасы ретінде энергетикалық объектілермен және ғылыми-зерттеу мекемелерімен танысу болып табылды. Студенттер эксперименталды зертханаларында, зерттеу орталықтарында, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындарда болды. 

Аталған оқыту бағдарламасының басты тақырыбы жаңғыртпалы энергетика, экология, тұрақты энергетикалық даму саласында серіктестікті дамыту және энергетика саласында халықаралық кадрлық потенциалды бекіту.

Оқыту барысында студенттер жаңғыртпалы және альтернативті энергетиканың инновациялық технологиялармен, Ресейдің білікті мамандары мен сарапшыларынан теоретикалық білімді алды. ЮНЕСКО/ТЭДХО бірлескен алтыншы оқыту бағдарламасы 2012 жылдың қазанның 26-жұлдызында салтанатты түрде дипломдарды марапаттаумен аяқталды.  


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow