Жаңалықтар

Онлайн-семинар:«ЭСКО нарығын Қазақстанда дамыту: қиындықтар мен мүмкіндіктер халықаралық ынтымақтастық үшін

23 маусым 2022 ж.
Онлайн-семинар:«ЭСКО нарығын Қазақстанда дамыту: қиындықтар мен мүмкіндіктер халықаралық ынтымақтастық үшін

2022 жылғы 23 маусымда «Қазақстанда энергия сервистік компаниялар нарығын дамыту: халықаралық ынтымақтастық үшін қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Семинар шеңберінде сөз сөйлегендер: Адельхайд Рэйманн - Энергетика бойынша экономист / Берлин энергетикалық агенттігінің тұрақты даму бойынша консультанты, Палмира Угартэ - Берлин энергетикалық агенттігінің энергетикалық көшу және климатты қорғау саласындағы энергетика бойынша консультанты, Александр Белый, ғ. к., төмен көміртекті даму және энергия тиімділігі бойынша сарапшысы және Дархан Құрманбаев – «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Дархан Құрманбаев өз сөзінде ЭСКО-ны дамыту тәжірибесімен, Қазақстандағы мәселелер және перспективалармен бөлісті.
Сондай-ақ, семинар барысында халықаралық қаржы институттарының (ХҚИ) өкілдері практикалық тәжірибемен нығайтылған dena-ның «Орталық Азиядағы ЭСКО нарығын дамыту» атты жаңа зерттеуінің нәтижелері ұсынылды. Семинарға қатысушылармен қарастырылған пікір алмасу халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін жақсы түсінуге және болашақ бірлескен қызметтің мүмкін қиындықтарын талқылауға мүмкіндік берді.
Семинарды неміс энергетикалық агенттігі (dena) ұйымдастырды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow