Жаңалықтар

Институт пен «Восточная – Коммерческая» ЖШС онлайн - кездесуі

24 тамыз 2022 ж.
Институт пен «Восточная – Коммерческая» ЖШС онлайн - кездесуі

23 тамызда «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Амангелдіұлы Түрчекенов пен «Восточная – Коммерческая» ЖШС директоры Әділ Досаевпен онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық танытты, Қазақстанда энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру, энергия сервистік нарық, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу туралы хабардарлықты арттыру және т. б. мақсатында әлеуетті арттыруға бағытталған ынтымақтастықтың перспективалық мүмкіндіктерін талқылады.
Анықтама: «Восточная – Коммерческая» ЖШС әлемнің ондаған елдерінде Tedom когенерациялық қондырғыларын сатуды және сервисін жүзеге асыратын «TEDOM» Чех машина жасау кәсіпорнының ресми өкілі болып табылады. 2003 жылдан бастап Tedom компаниясы қозғалтқыштарының өзіндік өндірісімен айналысады. Осы қозғалтқыштары бар когенерациялық қондырғылар өндірістік қатардың негізін құрайды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow