Жаңалықтар

Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі қауымдастығының (JICA) өкілдерімен онлайн кездесуі

23 маусым 2022 ж.
Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі қауымдастығының (JICA) өкілдерімен онлайн кездесуі

Ағымдағы жылдың 23 маусымында Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі қауымдастығының (JICA) өкілдерімен онлайн жұмыс кездесуі өтті.
Онлайн кездесуге Ешида мырза-JICA сарапшысы, жобаларды қалыптастыру жөніндегі кеңесші, Айя Кайно ханым (ИТО)-JICA бағдарламаларының Қазақстандағы үйлестірушісі, Әсел Қаратаева-JICA-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дархан Құрманбаев және Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту орталығының директоры- Альмира Сафиуллина қатысты.
Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланды: Қазақстандағы энергия теңгерімі мен проблемаларды және елдер арасындағы энергия сыйымдылығын/СО2 деңгейін салыстыру, Қазақстан үшін әлеуетті технологиялар/стратегия талқыланды.
Кездесу соңында екі тарап одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow