Жаңалықтар

Талдықорған қаласындағы энергия үнемдеу тақырыбына арналған ашық сабақтары

10 қаңтар 2013 ж.

«Қазақэнергиясараптама» АҚ Жетісу аймақаралық филиалының сарапшыларымен 2012 жылдың қазан және желтоқсан айларында 6-8 сынып оқушыларына «Энергияны үнемдейміз – ғаламшарымызды сақтаймыз!» атты ашық сабақтары өткізілді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласының келесі білім беру мекемелерінде: ОМ № 2, ОМ № 5, ОМ № 10, ОМ № 3, ОМ № 12.  Мектеп оқушыларына энергия үнемдеу туралы, табиғи энергия көздерінің түрлері мен оларды тұтыну, тұрмыстағы энергия үнемдеу шараларының бар екенін және оның қажет екені түсіндіріледі.

Мектеп оқушылары  энергия үнемдеу тапсырмаларын шешіп, мектепте және үйде электр энергиясын, жылу энергиясын үнемдеуге үйренді.

Мектеп оқушыларына сабақтың соңында буклеттер мен материалдар беріледі. Айта кетсек, «Қазақэнергиясараптама» АҚ аталған шараларды барлық қалаларда өткізуді жалғастырып жатыр.

Осындай шаралар мектеп оқушыларында энергия үнемдеу «мәдениетін» тәрбиелеуден бастап, энергияны рационалды тұтыну негізі салынады, сондай-ақ негізгі білім мен оны үнемдеу қалыптастырылады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow