Жаңалықтар

«Электр энергетикасын дамыту және үнемдеу институты» АҚ мен «Asar – Building Energy» ЖШС арасындағы әрі қарайғы әріптестік туралы келіссөздер

05 қыркүйек 2016 ж.
«Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ  мен  «Asar – Building Energy» ЖШС арасындағы әрі қарайғы әріптестік туралы келіссөздер

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде  «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ  мен  «Asar – Building Energy» ЖШС арасындағы әрі қарайғы әріптестік туралы келіссөздер жүргізілді.

 Кездесу барысында  «Asar – Building Energy» ЖШС аймақтық өкілі реактивті қуаттылық пен гармоникты фильтрациялау жүйесін компенсациялауға арналған құрылғыны таныстырды.  «Asar – Building Energy» ЖШС реактивті қуаттылықты компенсациялауға арналған құрылғылардың бүкіл желісін – төмен вольтты конденсаторлық құрылғылардан фильткомпенсациялаушы құрылғыларға дейін 220 кВ желілері үшін статикалық конденсатор батареяларын ұсынады.

Аталған құрылғының басымдылығы теңгерімдік иелік шегінде қуаттылықтың төмен коэффициенті үшін айыппұлдың жоқтығы, шоғырсым мен трансформатор ресурстарының қызу температурасының азаюы салдарынан ұлғаюы, қолданыстағы ТП мен РУ қуаттылықтарын босату, БСК қолданған кезде алыстағы шағын станциядағы соңғы тұтынушыдағы кернеуді арттыру, реактивті қуаттылық үшін төлемнің төмендеуі, гармоникалық бұрмалану деңгейінің төмендеуі мен резонанстың орын алуынан тұрады.

 Қазақстанда энергия тұтынуды төмендету мен өмір сүрудің барлық саласында энергия тиімділікті арттыру энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешуге мүмкіндік беретін басым міндет болып табылады.

Орын алған кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыру саласындағы    «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ  мен  «Asar – Building Energy» ЖШС арасындағы әріптестік туралы меморандум жасау туралы келісімге қол жеткізілді.  

img_4228

img_5524


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow