Жаңалықтар

«Өнеркәсіпте және ғимараттарда энергия тиімділілігі және энергия менеджменті» бағдарламасы

17 қазан 2016 ж.
«Өнеркәсіпте және ғимараттарда энергия тиімділілігі және энергия менеджменті» бағдарламасы

2016 жылдың 26 қыркүйекпен 7 қазан аралығында Түркияда JICA Жапоия халықаралық ынтымақтастық Агенттігімен,  TIKA Түркия үйлестіру және ынтымақтастық Агенттігімен, GDRE жаңармалы энергия көздері бойынша Бас басқармасымен ұйымдастырылған «Өнеркәсіпте және ғимараттарда энергия тиімділілігі және энергия менеджменті» тақырыбы бойынша Үшінші Халықаралық Дайындық Бағдарламасы өтті.

Қатысушылар дайындықтан өту және Түркияда сәтті қолданылатын ауаны баптау жүйелерінде, желдету, жылыту, жарықтандыру, электр және энергия үнемдейтін қазандық және пештер, технологиялық, компрессорлық, сорғы жабдықтарында энергия тиімділігін арттыру жаңа технологияларымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, қатысушылар энергетикалық саясат, энергетикалық аудит және кәсіпорындар мен ғимараттарда энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру үшін энергия үнемдеуші технологиялар саласындағы оқыту мүмкіндігіне ие болды.

Оқу курсы бағдарламасы келесіден тұрады: базалық теориялық білімдерін алу; энергия үнемдеу шараларын еңгізгенге «дейін» және «кейін» салыстыру үшін практикалық білімдерін қолдану; өндірістік нысандарына бару, энергия тиімділігін арттыру саласында  сәтті жүзеге асырылған іс-шаралар; баламалы энергия көздерін пайдалана отырып, соңғы технологиялар қолданылған «энергиялық тиімді ғимараттар» сапарлары мен презентациялары.

Оқу курсының соңында барлық қатысушылар салтанатты түрде оқу сертификаттарын алды.

DSC_0408

20161007_120605

DSC_0361


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow