Жаңалықтар

Тараз қаласының мектептерінде «Энергия үнемдейміз – ғаламшарымызды сақтаймыз!» атты ашық сабақтар өткізілді

01 қараша 2012 ж.

Қазақстан Республикасының барлық облыстарында Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруды насихаттаудың мақсаты  Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015  жылдарына арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру болып табылады, сондықтан «Қазақэнергиясараптама» АҚ Жамбыл өкілдігінің  сарапшылары Г.А. Кудинов, И.И. Герман және Ж.К. Бекбергенова Тараз қаласының бес білім беру мекемелерінде  «Энергия үнемдейміз – ғаламшарымызды сақтаймыз!» атты ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақтар № 7 орта мектебінің 7 «А» сынып оқушыларына, № 42 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушыларына, № 16 орта мектебінің 6 «А» сынып оқушыларына, № 46 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушыларына және де  № 10 орта мектебінің 8 «Ә» сынып оқушыларына өткізілді.

Сарапшылар интерактивті тақтада оқушыларға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру презентациясы көрсетіліп, тұрмыста электр, жылу энергияларын, суды мен газды үнемдеп қолдану туралы айтылды. Айта кететін жайт, ашық сабақтардың соңында кеңестері бар материалдар таратылды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow