Жаңалықтар

ҚР ИИДМ ИДК Төрағасының EEDI-ге жұмыс сапары

27 қазан 2022 ж.
ҚР ИИДМ ИДК Төрағасының EEDI-ге жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 27 қазанында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы-Оспанов Ілияс Есетұлы "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ ведомстволық бағынысты ұйымына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Төраға Институттың 2022 жылғы қызметімен, оның ішінде салалық орталықтардың жұмысымен танысты.
Мемлекеттік энергетикалық тізілім орталығында Ілияс Есетұлына әлемнің озық елдерінің тәжірибесі бойынша құрылған "МЭТ ААЖ" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің практикалық жұмысы көрсетілді.
Екінші негізгі тетік - энергия тиімділігі Картасы шеңберінде Төраға жобаларды іске асырудың, оның ішінде ЭСКО/МЖӘ тетігі арқылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Ілияс Есетұлы Институт қызметін жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар берді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын дамытудағы, энергия сервистік келісімшарттарды ілгерілетудегі және халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты дамытудағы оң сәттерді атап өтті.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow