Жаңалықтар

«Тиімді басқару тәжірибесін қолдану арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, инновациялық және энергия үнемдейтін технологиялар» бойынша аймақтық конференциясы

28 қазан 2016 ж.
«Тиімді басқару тәжірибесін қолдану арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, инновациялық және энергия үнемдейтін технологиялар» бойынша аймақтық конференциясы

Бүгін, 28 қазан күні, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу Институты» АҚ-ның өкілдері «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы Қазақстан - Ғаламдық экологиялық қорымен бірге ұйымдастырған «Тиімді басқару тәжірибесін қолдану арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, инновациялық және энергия үнемдейтін технологиялар» тақырыбы бойынша аймақтық конференциясына қатысты.

Конференцияның мақсаты - облыстардың, қалалар мен аудандардың тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықты дамыту проблемалары мен перспективалары туралы диалог және пікірталас алаңын құру, тиімді басқару тәжірибесін қолдану және елдің тұрғын үй шаруашылығы саласындағы инновациялары мен жаңа технологияларын енгізу.

Алғы сөзбен сөз айтқандар: «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары Д.А. Хамзин, «Нұр Отан» партияның орталық аппаратының қоғамдық қабылдау Меңгерушісі, Ж.К. Жукенов, БҰҰДБ/ҒЭҚ және ҚР Үкіметінің энергия тиімділік бойынша жобаларының Менеджері, А. Белый, Құрылыс және тұрғын үй-комитетінің ҚР ҰЭМ тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қатынастары Басқармасынын Басқарушысы.

Конференция барысында еліміздің тұрғын үй жаңғырту, көппәтерлі тұрғын ғимараттардың басқарудың жаңа тиімді әдістерін енгізу, өнеркәсіп инновациялық технологияларды қолдану бойынша бастамалар ұсынылды.

Сондай-ақ, заңнаманы жетілдіру, нормативтік-техникалық құжаттарды, тұрғын үй қорының сақталуы, ғимараттар қызмет мерзімін ұзарту, құрылыста энергия тиімділігін арттыру, тұрғын үйде энергия үнемдеуді жақсарту мәселелері талқыланды.

IMG_4825

IMG_4816

IMG_4817


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow