Желтоқсан айында «Қазақэнергиясараптама» АҚ Қостанай өкілдігінің өкілдері А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің аймақтық форумының бағдарламасына ат салысты. Ел басының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Халыққа жолдауын, 2011-2020 жылдарына арналған ҚР Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және «Дипломмен ауылға» атты Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болды.
Аталған шарада аудандардың әкімдері, ұйымдардың, мемлекеттік мекемелерінің және бизнес-құрылымдарының басшылары, сондай-ақ А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ның 3-5 курс студенттері де қатысты.