2016 жылғы 6 қазанда «Электр энергетикасын дамыту және үнемдеу институты» АҚ Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп «Энергиятиімділік – Қазақстан қалаларын тұрақты дамытуға арналған негіз» тақырыбына арналған республикалық семинар-жиналысын өткізеді.
Семинар-жиналыс барысында ауқымды инвестицияны тарту жолымен барлық салада, аймақтар мен мемлекетте энергиятиімділікті арттыру сұрақтары, сондай-ақ, халықты энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуға тәрбиелеу сұрақтары талқыланатын болады.
Құттықтау сөзді ҚР Инвестиция және даму министрі Ж. Қасымбек пен Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев сөйлейді. Семинар-жиналыстың негізгі аудиториясын 150-ден сарапшы: астам халықаралық, үкіметаралық, аймақтық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті атқару, бизнес-құрылым өкілдері; сондай-ақ, энергиятиімді саясатты жүзеге асыруға қызығушылық танытқан мамандар құрайды.
Семинарға қатысу үшін http://kazee.kz/about/sobytiya сілтемесі арқылы өтіп, тіркелу қажет.