Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде «KAZENERGY» Ассоциациясы үздік әлемдік «Chemtex» және «Black & Veatch» компанияларымен бірлесіп ұйымдастырған ҚР жағылған табиғи газды пайдалану келешегіне арналған семинар өтті.
Семинар жұмысына «Электр энергетикасын дамыту және үнемдеу институты» АҚ өкілдері, сондай-ақ, ҚР газ өндіру, газ тұтыну, маркетингтік, үлестіруші компаниялар мен мемлекеттік органдар мен ведомстволардың жетекшілері қатысты.
Аталған семинар Қазақстандағы ЖТБ даму басымдылығын жылжытуға арналды.
Семинар барысында келесі сұрақтар талқыға түсті:
- ЖТБ жергілікті ландшафты;
- ЖТБ энергияның таза көзі ретіндегі басымдылығы;
- «ауыспалы құбыр желісі тұжырымы» технологиясы;
- ЖТБ тиімді алу мен өндіруге қатысты шешімдерін жасау;
- жобаны жүзеге асырудың қаржылық механизмдері;
- ҚР ЖТБ тасымалдау басымдылығы мен ерекшеліктері,
- ЖТБ нарығының аймақтық ерекшеліктері;
- ЖТБ өндірісінің заманауи технологиялары;
- «Chemtex» және «Black & Veatch» компанияларымен ЖТБ жобаларын жүзеге асыру тәжірибесі.