Шілденің 3-і мен 5-і аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында «ИСО 50001энергия менеджмент стандарты» атты семинары өтті.
Семинарды «Қазақэнергиясараптама» АҚ мен JICA Жапон агенттігі ұйымдастырды. Семинарда облыстың көптеген кәсіпорындардың Директорлары мен өкілдері («Жайықжылуэнерго» АҚ, «Қазтрансойл» АҚ БӨ, «Зенит» АҚ зауыты, «Силикат», «Стройкомбинат» ЖШС, «Орал Су Арнасы» және т.б.) қатысты.
Семинарда энергоаудитті жүргізу, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңы, жылу және су ысырабын төмендету бойынша тиімділігі жоғары механизмдері енгізу, сондай-ақ адамзаттың табиғатқа кері әсерін төмендету мәселелері айтылды. Кәсіпорынның бірінші басшысының ИСО 50001 энергия менеджменті стандартын енгізудегі рөлі және өзінің мүддесі болуы қажеттігі туралы сөз айтылды.
Сондай-ақ Жапон елінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында жапон мамандарымен «Стройкомбинат» ЖШС негізінде жасалған энергия аудиті көрсетілген, энергия аудитін жүргізу үдерісін көрсетіп, технологиялық үдерістегі энергия қорларын тиімді пайдаланудың кемшіліктері анықталды.
Энергия аудит нәтижесінде, электр энергиясын, суды және жылуды тұтыну тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, кемшіліктерді жою ұсыныстары берілді. Семинар барысында, қатысушылар энергия аудитін жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыланды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жапондық және халықаралық тәжірибемен танысты, сонымен қатар энергия менеджментін енгізудің қажетті екенін түсінді.