Астана қаласында қарашаның 14 жұлдызында «Қазақэнергиясараптама» АҚ және «ЭКРА KZ» ЖШС бірлескен семинары өтті. Осы семинарда «ҰК «ҚТЖ» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту кәсіпорын бірлестігі» АҚ және т.б. өкілдері қатысты. Осы семинардың мақсаты энергетика саласында энергия тиімді технологияларды ұсыну болып табылады.
Сондай-ақ осы шарада «Қазақэнергиясараптама» АҚ өкілдері ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы сөз сөйледі.
Ақпарат үшін
«ЭКРА KZ» ЖШС – ресей-қазақстан бірлескен кәсіпорны, автоматтандыру жүйелерімен энергия объектілерін жабдықтаумен айналасады. Жобалау, жабдықтарды жеткізу, объектілерде жабдықтарды шеф-дұрыстау, жқмысшыларды оқыту және кепілдік және сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырады.