Астана қаласында 27-28 шілде аралығында «Қазақэнергиясараптама» АҚ Заң жұмысы және Мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының 2012 жылдағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар» атты оқыту семинарына қатысты. Бұл семинарға заңнаманың әзірлеушілері және портал сарапшылары белсенді қатысты.
Осы семинардың басты мақсаты, мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесінің үдерістері мен жұмысын түсіндіру болды. Семинар соңында қатысушылар сертификаттарды иеленді.