Жаңалықтар

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС энергоменеджмент жүйесін енгізіп, ұйымдастырды.

03 ақпан 2014 ж.

Қазақстанда энергоменеджмент енгізу Қазақстан Республикасының  2012 жылдың 13 қаңтарындағы  «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» № 541-IV Заңымен реттелген. 

ҚР  іс жүзіндегі «Энергия сақтау және энергия тиімділігін арттыру туралы»   Заңының  10 бабына сәйкес  жылына бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар шартты отын көлемінде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджментінің жүйесін құруға, енгізуге және оның жұмысын ұйымдастыруға міндетті.

Қуатты тиімді пайдалану ұйымдарға ақша мен ресурстарды үнемдеуге, сондай-ақ климат өзгеруіне қарсы әрекет жасауға тырысуға жәрдемдеседі.  ИСО 50001  энергиялық менеджмент  жүйесін әзірлеу көмегімен энергияны одан тиімді пайдалануға ұмтылатын барлық салаларда ұйымды қолдайды. 

Энергетикалық  менеджмент жүйесін енгізу артықшылықтары:

*  энергетикалық нәтижелілікті арттыру;

* пайдаланушылық шығындарды азайту;

* энергия тиімділігін арттыру;

* энергиялық сыйымдылықты төмендету;

* энергия  және ресурстарды  сақтау;

* қоршаған ортаға әсерді азайту;

* парник газдарын шығаруды азайту;

* Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының орындалуын  қамтамасыз ету;

* әлеуметтік жауапкершілікті ашық  көрсету ;

* нарықтағы беделді жақсарту;

* инвестицияға тартымдылық;

*  инновацияны ынталандыру.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-де ЭнМЖ енгізу аясында энергия сақтау саласында  іс-шараларді жүзеге асыру бойынша көп жұмыс атқарылды, бұл 2012 жылдың 10 айымен салыстырғанда шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждықтарға электр қуаты шығысын  9% (14137 кВт*сағ)  төмендетуге, мотор отынын тұтынуды 33% (144562 л) азайтуға,  суық су тұтунуды  7% (1 475 м3). 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow