Жаңалықтар

V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

16 қыркүйек 2016 ж.
V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Астана қ. «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру жолымен экономиканың басым секторларына өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбына арналған V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚР Инвестиция және даму бойынша бірінші вице-министр А. Рау құттықтау сөз сөйледі.

Аталған конференция мемлекеттік сектор мен бизнес-қауымдастық арасында мемлекет экономикасының басым секторындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жандандыру іс-шаралары мен әлеуетін талқылау бойынша сұхбат алаңын ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылыпты.

 

 Конференция барысында келесі бағыттар қаралды:

1) ҚР бәсекелі экономиканы дамытудың негізгі факторы ретінде еңбек өнімділігін ұлғайту жолдарын іздеу;

2) ҚР кластерлік саясатының негізгі бағыттарын жариялау;

3) сандық технологияны жасау мен енгізу – Индустрияның 4.0 элементтері бөлігіндегі бизнесті қолдау бойынша сұрақтарды талқылау;

4) еңбек өнімділігінің мүмкіндігін, әдістері мен ұлғайту құралдары  және өнімнің/қызметтің өзіндік құнының төмендеу мүмкіндіктерін жариялау.

Конференция жұмысына Басқарма Төрағасы бастаған «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ өкілдері қатысты.

Конференцияны  ҚР ИДМ Индустриялық даму мен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті  «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ бірігіп ұйымдастырып отыр.

IMG_5713




ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow