Жаңалықтар

ҚР ИИДМ-де "Axens" (Франция) өкілдерімен кездесу өтті

07 ақпан 2023 ж.
ҚР ИИДМ-де "Axens" (Франция) өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан астанасында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алаңында "Axens" француз компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Axens» компаниясынан декарбонизация мәселелері жөніндегі Вице-президент - Роман Ру, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша жобалардың өңірлік басшысы-Пьер Шевалье, бизнес-даму жөніндегі менеджер-Борис Головин, Франция Елшілігінің экономикалық кеңесшісі-Фредерик Фату, жобалар жөніндегі менеджер, Франция Елшілігінің экономикалық қызметі - Замира Есенбаева қатысты.

Қазақстан тарапынан ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің, Азаматтық авиация комитетінің, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, және «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда биомасса негізінде биокеросин / SAF (тұрақты авиациялық отын) өндіру мүмкіндігін, сондай-ақ Қазақстандағы өнеркәсіптік объектілердің энергия тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін талқылады.

Анықтама: Axens — мұнай мен биомассаны таза отынға айналдыру, мұнай химиясының негізгі өнімдерін өндіру және тазарту, газды өңдеу және түрлендіру шешімдерінің толық спектрін ұсынатын халықаралық топ.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow