Жаңалықтар

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі отырыс

25 ақпан 2022 ж.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі отырыс

2022 жылдың 2 ақпанынан 16 наурызына дейінгі аралықта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында институт облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен бірлесіп, еліміздің 17 өңірінде кеңестер ұйымдастырды және өткізді. Кеңестерде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындылары, оның ішінде мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу, МЭТ субъектілерінің міндетті энергия аудиті рәсімінен өтуі, өткізілген энергия аудиті қорытындылары бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, энергия үнемдеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері қозғалды.

Кеңестер әкімнің орынбасарлары мен энергия үнемдеу мәселелеріне жетекшілік ететін тиісті өңір басшыларының төрағалығымен өтуде. Институт атынан кеңеске Басқарма төрағасы – Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы, Басқарма төрағасының орынбасары – Турчекенов Серік Амангелдіұлы, ОКЭР директоры – Бокаев Ерлан Нұрланұлы қатысады.

Өңірлерде осындай іс-шараларды өткізу Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға оң әсер етеді, атап айтқанда Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты жинауға жәрдемдесу, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жоспарларды іске асыру. Ұлттық институттың энергия үнемдеу саясатының түйінді тетіктерін іске асыру саласындағы ЖАО-мен тығыз өзара ынтымақтастығы көрсетілген кеңестерді өткізудің оң нәтижесі болып табылады.

def869aa-f11e-49af-a84d-f4e0b72dcc9a

#miir_rk #kir_miir_rk #kazee_kz #eedi_kz #ЭнергияҮнемдеу #ЭнергияТиімділігі #МЭТ #EnergyEfficiency #EnergySaving #energy

 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow