Жаңалықтар

"Орталық Азиядағы климаттың өзгеруінің әсерін ескере отырып, төмен көміртекті даму үшін өңірлік ынтымақтастық" Екінші Орталық Азия форумы

25 қараша 2022 ж.
"Орталық Азиядағы климаттың өзгеруінің әсерін ескере отырып, төмен көміртекті даму үшін өңірлік ынтымақтастық"  Екінші Орталық Азия форумы

2022 жылы 24-25 қарашада «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамымен (GIZ) бірлесіп, Алматы қаласында «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруінің әсерін ескере отырып, төмен көміртекті даму үшін өңірлік ынтымақтастық» атты екінші Орталық Азия форумын өткізді.
Форум жұмысына депутаттар, министрліктердің, әкімдіктердің, халықаралық ұйымдар мен даму институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
ҚР ИИДМ «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ атынан форумда Басқарма төрағасының орынбасары Д.Құрманбаев «Энергия тиімділігі және ЖЭК – СО2 төмендетудің негізгі тетігі ретінде» тақырыбында сөз сөйледі.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow