6 қазанында «Энергия сервистік келісімшарттар бойынша халықаралық деңгейде танылған тетігі арқылы энергия үнемдеу саласындағы стратегиялық инвесторларды тарту» Ұлт жоспарынын 59 қадамын іске асыру мақсатында өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу Институты» АҚ мен, Қазақстанда энергия сервис механизмін дамытуында стратегиялық инвестор болып табылатын, «Philips» ұлтаралық технологиялық компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар Институт «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-мен энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласынба өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, ол шағын және орта бизнестін «Жасыл жобаларын» қаржыландыратын болады, бұл, әрине, ЭСКО тетігі дамуына серпін береді. Бұл климаттың өзгеруіне ықпал ететін салдарын жеңілдетуге, энергия ресурстарын ұтымды тұтынуға, энергия үнемдеуге, энергия тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға себептесетін жобалар категориясы.